ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Түркістанда күйеубаласы үйіне ұрлыққа түскен

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Түркістан қаласының жергілікті тұрғыны учаскелік полиция инспекторына арызданып, үйінің темір қақпасын ұрлап кеткенін жеткізеді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ер адам жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты. Ол қайын атасының ешкім тұрмайтын екінші үйіне ұрлыққа түсіп, қақпаны алып кеткен.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Жақын аралықтағы темір алып-сататын орындарда тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Түркістан қаласында темір қабылдайтын орындардың бірінен ұрланған қақпа табылды. Одан соң қақпаны жымқырған күдіктінің жеке басы анықталып, полиция басқармасына жеткізілді.

Сондай-ақ күдікті ер адамның бұдан басқа 4 ұрлық дерегіне қатысы бары белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

var SVG_ICONS = ' ';