ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Жамбыл облысында алтын ұрлау дерегі анықталды

27.11.2023 17:07
Опубликовано в Криминал

2023 жылғы 21 қарашада Қордай ауданының полиция бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабаралайды.

Әйел алтын, күміс сататын дүкеннен белгісіз адамның құны 250 мың теңге тұратын алтын сырғаларды ұрлағаны туралы хабарлады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласының 26 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

var SVG_ICONS = ' ';