ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Түркістан облысында трамадолға қатысты 30-дан астам қылмыстық іс қозғалған

26.07.2023 18:12
Опубликовано в Қаз

Түркістан облысының полицейлері трамадолға қатысты 30-дан астам қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабаралайды.

Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес шеңберінде тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Мәселен, жедел уәкілдер Трамадол психотроптық заттардың қатарына қосылмаған кезде, яғни жыл басынан бері 7 сәуірге дейінгі аралықта 7 факті анықтап, 2590 дәрі-дәрмек таблеткасын тәркіледі.

Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет ережелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал 7 сәуірден бастап, Үкіметтің қаулысымен Трамадол препараты психотроптық заттардың қатарына енгізіліп, полицейлер оған байланысты 32 қылмыс тіркеді. Барлығы 1342 таблетка мен 20 капсула тәркіледі. Сараптама қорытындысының нәтижелері бойынша сотқа 8 қылмыстық іс жіберілді, ал қалған 24 қылмыстық іс бойынша күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.


var SVG_ICONS = ' ';