ТОП новости

Теги

перевозки зерна незаконное оружие местный житель участковый инспектор определение диагнозов поисково-спасательная операция статистика МСХ урожай зерновых человек труда служебная дисциплина IT-услуги антициклон отказ от алкоголя правонарушения за рулем вычеты Красноярск бизнес-сообщество Казфосфат акционер однопалатный Парламент Жанабыловы МАФ Кредиторы погашение кредитов погашение нелегальные перевозки финансовые правонарушения криптообменники базовая ставка. Нацбанк Activ абоненты австралийские политики открытый доступ восстановление на работе пытки в колонии Генеральный прокурор казахстанские тюрьмы прогнозы Минэнерго подготовительные работы заболевания новорожденных ТВНПС Всемирный день тромбоза работа МВД критика депутата дроны для Минсельхоза Киррил Павлов Илийский район касымбек масштабные проверки родила

«Қазақстан» шахтасында өрт екі айдан бері сөндіріліп жатыр – Министр түсінік берді

19.10.2023 18:15
Опубликовано в В мире

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрт шыққан «Қазақстан» шахтасындағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Кazinformға сілтеме жасап.

«Шахталардағы өртті сөндіру – ерекше процесс. Ондағы өрт конвейер таспасының өртенуінен туындаған, от жалыны тау жыныстарының қабаттарына өтіп кеткен. Мұндай өрттерді сөндіру олардың тұйықталуы мен оттегіні шектеу арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты арнайы гипс ерітіндісінен жасалған кедергілер орнатылып жатыр. Олардың қалыңдығы 1-3 метрге дейін жетеді», – деді Сырым Шәріпханов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айтуынша, бұл кедергілер жарылыстардан да қорғауы керек.

«Сондықтан шахтада осындай 25 бөгет салынды. Онда температура мен газдың деңгейін өлшеу үшін арнайы люктер жасалады. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жалғасуда. Осылайша өртті сөндіру ұзақ уақытты алады. Ол бір айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан қазір күту керек. Мысал келтірер болсам, жақында бөгеттердің бірі тексерілді, онда температура жоғары болып, түтін байқалған, сондықтан әлі де күту қажет», – деп атап өтті министр.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні шыққан болатын.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

Шахтаның астында қалып қойған бес кеншінің денесі табылды.

18 тамыздағы жағдай бойынша медицина мекемелерінде өрттен зардап шеккен 11 кенші ем қабылдап жатты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

18 қыркүйекте ҚР ТЖ министрі Сырым Шәріпханов үкіметтік комиссияның тергеу қорытындысын жариялады. Сараптама қорытындысы бойынша жұмыс беруші 100% кінәлі деп танылды

Ал 11 қазан күні аталған апат болған жерде жұмыстар жүргізіп жатқан 106 жұмысшы шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұған оқиға орнында температураның шамадан тыс көтерілуі себеп болды.

var SVG_ICONS = ' ';