ТОП новости

Теги

местное самоуправление муниципалитет обязанности мэрия Всероссийский субботник Сергей Малинкович Коммунисты России ракетка Чапик приют Хвостатый дом пуля в голове Марин Ле Пен Международный день цирка братья Запашные Луганский государственный цирк график. 80-летие Владимира Жириновского Покровское-Стрешнево департамент градостроительной политики фургон М12 легковой автомобиль рацион польза для здоровья гренки лаваш бутерброды центр города многоэтажное здание Роскачество Александр Степанов украинские БПЛА Денис Паслер Мария Миронова Виталий Гогунский Мария Кожевникова аэропорт Тамбов Юрий Доценко черная икра Калуга Пулково украинский плен программа по самообложению Минспорт России Лев Лещенко Владимир Тимаков демографическая катастрофа Максим Орешкин избили мужчину автономные электромобили

"Семей орманы" өртіне қатысты істің соңғы нүктесін қойылды

22.01.2025 13:07
Опубликовано в Персонально

Бас прокуратура "Семей орманы" мемлекеттік резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы "Семей орманы " МОТР" РММ өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Осылайша, Резерваттың Бас директорының міндетін атқарушы мен Новошулбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2024 жылғы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты үкімді өзгеріссіз, сондай-ақ сотталғандардың, адвокаттардың және қорғаушылардың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды.

2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семей қаласының №2 соты Резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі (ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі) бойынша мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Сондай-ақ, былтырғы жылғы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Осылайша, барлық кінәлі жазаның әртүрлі мерзімдеріне сотталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсынуы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау ведомствосы орман және қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізді.

Сурет: ашық дереккөздерден

var SVG_ICONS = ' ';