ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Санкцияны бұзу үшін пайдалануға ешқандай мүмкіндік берілмейді - Мәулен Әшімбаев

18.05.2023 18:32
Опубликовано в Қаз


Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев батыс елдерінің Ресейге санкциясына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Қазақстанның батыс мемлекеттері Ресейге салған санцияларды бұзбайтынын атап өтті.

“Еліміздің территориясы, компаниялары санкцияны бұзу үшін пайдалануға ешқандай мүмкіндік берілмейді. Бұл — Қазақстанның нақты ұстанымы. Бұл ұстаным аясында ары қарай жұмыс істейміз. Ең бастысы, біз сыртқы саясатымызда ұлттық мүддемізге бағытталған қадамдар жасаймыз», — деді М. Әшімбаев тілшілердің сауалына орай.

Қазақстанның позициясын бұған дейін мемлекет басшысы да, сыртқы істер министрлігі де бірнеше рет жариялаған болатын.

var SVG_ICONS = ' ';