ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Президент Тоқаев Әшімбаевты Сенат спикері лауазымына ұсынды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты Сенат төрағасы қызметіне ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын.

Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!", — деді Президент.

var SVG_ICONS = ' ';