ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Төреғали Төреәлінің қарындасы мен күйеу баласы африкалықтарға құдық қазып берді

16.05.2023 18:14
Опубликовано в Қаз




Қазақстандық джиу-джитсу балуаны Дархан Нортаев пен оның жары, Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі африкалықтарға құдық қазып берді.


Бұл туралы белгілі спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бала кезімде әкеммен бірге National Geographic каналын жиі көретінмін. Сол кезде Африканың табиғатына қызығып және сол жақтағы халыққа көмектескім келетін. Есейген сайын оның бәрі ұмытылып кетті. 4 ай бұрын Меккеге барғанда Алла белгі бергендей құдық жайлы телефонда видео шықты, маған арманымды еске түсіргендей болды. Сол сәтте құдық салып берейік деп шештік. Ал бүгінгі таңда аманатымыз толық жұмысын атқарып адамдарға таза сумен сусындатып жатыр", — деп жазды спортшы.


var SVG_ICONS = ' ';