ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Уайымдағандарыңыз үшін рақмет": Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

18.07.2023 18:09
Опубликовано в Қаз


Танымал әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл хабарды 2023 жылғы 18 шілде күні әншінің қорғаушысы Елнұр Кішкенебаева TikTok парақшасында жариялады.

Ол жанкүйерлердің әншінің қайда екенін, қашан шығатынын сұрап жазған сұрақтарын қоса жариялады.

"Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын", – деп жазды қорғаушы.

2023 жылы 14 маусымда түс ауа полиция Төреғали Төреәліні ұстады. Ол полицейлерге бағынбай, балағат сөздер айтып, полицейлерден қашпақ болған. Одан кейін 20 күн түрмеге қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Әншінің қорғаушысы Төреғали Төреәліні ұстау кезінде полицияның заңсыз әрекетке барғанын айтты.

Кейін полицейлердің заңды талабын орындамағаны үшін әншіге тағы үш күн қосылды.

2023 жылғы 3 шілдеде әнші тағы 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

var SVG_ICONS = ' ';