ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Әнші Әмре костюмын аукцион арқылы 1 миллион 400 мың теңгеге сатты

26.04.2023 18:08
Опубликовано в Қаз


Әмре лақапатымен танымал әнші Ернар Садырбаев костюмын 1 миллион теңгеден аса ақшаға сатты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

Өнер иесінің айтуынша, костюмы аукцион арқылы сатылған.

"Костюмымды тікелей эфирде аукционда ойнатып жатырмыз. Сүйікті костюмымды сатып жатырмын", — деді ол әлеуметтік желіде.

Алайда әнші түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалатынын жеткізді.

"Сау бол сүйікті костюмым. 1 415 000 теңге жинап, костюм кетті. Түскен ақша Қадырбаев бастаған қайырымдылыққа, Нұрали ініміздің еміне жұмсалады", — дейді ол.

var SVG_ICONS = ' ';