ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"64 жасымда ұлды болдым": Түркістан облысында ақсақал қуанышымен бөлісті

22.03.2023 09:40
Опубликовано в Қаз




64 жасында ұлды болып, сәбиін перзентханадан шығарып алған әке қуанышымен бөлісті.


Бұл туралы видео saryagashcity инстаграм парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оқиға Түркістан облысында болғанға ұқсайды. Қуаныш иесінің аты-жөні белгісіз. "64 жасымда ұлды болдым, мына қызымды 61 жасымда көрдім. Бұдан да үлкен балаларым бар. Оқып жатыр су мамындығы бойынша жоғарғы оқуы орынында. Мұхтар Әуезов атындағы университетте. Биыл 4 курсқа өтеді. Қызым тұрмыста, немерелерім бар",- деді ұлды болған әке.

Зейнеткердің осымен 4 ұл, 3 қызы бар екен.

"Қазір Алпыспай туғызатын әкелер азайып кетті ғой, мықты екен ағамыз, бауы берік болсын", "Жастар үлгі алыңдар тоқтап қалмай, алпысбай, жетпісбайлар туа берсін", деді оқырмандар.


var SVG_ICONS = ' ';