ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Түркістан облысында мектеп оқушылары жаппай төбелес шығарды

13.06.2023 18:14
Опубликовано в Қаз


Түркістан облысында мектеп оқушылары футболдан кейін жаппай төбелес шығарды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Кадрларда бір топ жасөспірімнің басқа топ балаға қарай жүгіріп келе жатқаны, сосын олар төбелескенін байқауға болады. Видеодағы дауысқа қарағанда төбелескен бір топтың ГАЗ-53 жүк көлігімен келгені айтылады. Сипаттамада төбелестің 11 маусым күні Қазығұрт ауылында болғаны айтылған.

"Менің түсінуімше, төрт адам зардап шекті. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Полиция бізде мүлдем жұмыс істемейді", — делінген жазбада.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы ақапарат алу үшін облыстық полиция департаментіне жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметі бірнеше минут ішінде жедел түрде жауап берді. Бейнежазбадағы әрекеттер Қазығұрт өңіріндегі ескі ипподромда болғанын мәлімдеді.

"Бейнежазбадағы оқушылар арасындағы бұл оқиға өткен жексенбіде футбол ойнапғаннан кейін болған. Тексеру кезінде ауруханаға ешкім бармаған және полицияға мұндай ақпарат түспеген. Сондай-ақ құқық қорғау қызметкерлері төбелес шығарған жасөспірімдерді видеоға түсіріп, сұрақтар қойылды", — деді облыстық полиция департаменті.

var SVG_ICONS = ' ';