ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Б.Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» әніне бейнебаян түсірілді

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Астана күні мерекесі қарсаңында Батырхан Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» әніне бейнебаян түсірілді.

Туынды «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетіледі. Әннің сөзін ақын Шөмішбай Сариев, музыкасын Ренат Гайсин жазған. Батырхан Шүкенов оны көзі тірісінде орындаған. Ұлттық арнаның тапсырмасына сай жасалған бейнебаянда Астананың ең көрікті деген жерлері көрініс тапты. Түсірілімге әншілер мен телевизия саласының кәсіпқой мамандары қатысқан.

- Бұл ән әрине, Астананың сұлулығын жырлайтын, қазақ халқының астанасын жырлайтын, шын жүректен шығарылған ән. Енді Батырханның өнеріне, оның дауысына біздің жастарымыз қазіргі кезде де көп еліктейді. Шынында да Батырханнан үйренері көп. Батырханның деңгейіне жетуге жастар тырысады деп ойлаймын, дейді ҚР Халық әртісі, Роза Рымбаева.

var SVG_ICONS = ' ';