ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Айкерім Қалаубаева - Өзгеремін әнінің сөзі

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Әйкерім Қалаубаева 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесін үздік бітірген. Кішкентайынан сахнаға биші ретінде шыққанымен, Әйкерім әнші болуды армандапты. Ол хореографиялық училищені бітірген соң, анасының ақылымен өнерден алыстау мамандықты таңдаған. Еңбек жолын «Хабар» телеарнасындағы «Ұят болмасын», «Біздің көшенің

тұрғындары» бағдарламаларында бастап, көрерменге ерке қыздың рөлі арқылы танылды.

Күні кеше жарыққа шыққан жаңа "Өзгеремін" әнінің сөзі мен бейнебаянын тамашалаңыздар!

Әні: Нұршапағат Орынбасар

Сөзі: Нұршапағат Орынбасар

Өзгеремін

Күз келді, бәрі өзгерді

Ұмытар бәрін кез келді.

Жанымды жаралап,

Кеткенің дұрыс па енді?

Қайырмасы:

Қасымда қалшы деп,

Жанымда болшы деп,

Сұрамаймын,

Енді жыламаймын.

Төзімім таусылды,

Сезімім басылды.

Өзгеремін, сөз беремін.

Кешуге енді кеш мүлде,

Естеліктер мәңгі жойылсын,

Сенбеймін ешкімге,

Бәріне нүкте қойылсын.

Қайырмасы:

Қасымда қалшы деп,

Жанымда болшы деп,

Сұрамаймын,

Енді жыламаймын.

Төзімім таусылды,

Сезімім басылды.

Өзгеремін, сөз беремін.

var SVG_ICONS = ' ';