ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қосыла ән шырқаған Кенжебек Жанәбіловтің егіздері көпшілікті сүйсінтті

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Әдетте талант балаға әкенің қанымен не ананың ақ сүтімен беріледі. Оны Қазақстан эстрада жұлдыздарына қарап-ақ байқауға болады. Қарап отырсаңыз, өнер иелерінің көпшілігің ата-анасы не ата-әжесі ән салған, домбырада ойнаған. Ал олардың ізін өз балалары жалғайды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстан эстрадасында әкелі-балалы немесе отбасылы жұлдыздар жетерлік. Олардың қатарына жуырда “МузАрт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің қыздары қосылуы ғажап емес. Себебі қос жеткіншек қазірдің өзінде әнге деген құмарлығын байқатып жүр. Желіде Жанәбіловтің егіз қыздарының қосыла ән шырқаған видеосы пайда болды.

Егіздер танымал әнші Еркін Нұржановтың репертуарындағы “Аягөз” әнін айтқан.

Желі оқырмандары қыздардың әкесінен аумай қалғандарын айтқан. Көпшілік егіздердің дауыстарының жағымды екенін атап өткен.

“Дауыстарыңнан, асылдың сынығы, әкесінен аумайды егіз ботақандар”, “Тәп-тәтті қылықтары, папаларына қатты ұқсайды екен”, “Керемет дауыстарын-ай”, “Жарайсыңдар”, “Ритмнан қалмай айтып жатқандарын айтсай”, – деп пікір білдірді олар.

Айта кетейік, Кенжебектің егіздерден бөлек бір ұлы бар.

Screenshot_1

A video posted by #МузАрт тобы

var SVG_ICONS = ' ';