ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Жас қыздарша киініп алған Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Өзінің жасына лайықсыз киім киген Гүлзира Айдарбекова сынның астында қалды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желі қолданушылары соңғы уақыттары Қайрат Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың стилінің өзгергенін байқап қалды.

Оның жуырда жариялаған мына бір суреті желіде дау тудырды.

Гулзира_070217

Продюсердің өзі бұл жерде телефонын іздеп әлекке түсетін әйелдер жайын әңгіме етсе, желі оқырмандары оның стилін сөз етті.

Бір қызығы, суреттегі әйелдің Гүлзира Айдарбекова екеніне күмән келтіргендер болды.

“Ол сіз емес. Аяғын алдына салып майысып тұратын жас қыздардың тұрысы. Сосын сіздің қаталдау мінезіңізге, түр-тұлғаңызға қарап ондай киімді киіп жүреді деп ойламаймын”, – дейді желі оқырмандарының бірі.

Есесіне келесі желі қолданушылары Гүлзира Үсенқызының едәуір жасарып қалғанын айтып жатты.

“Жас қыздай, жарайсыз”, “Осы фотоны көре сала 20 жастағы қыз деп қалдым, керемет”, “Жарасып тұрса неге кимеске? Қолда бар болса сіз де, мен де киер едім. Ашық-шашық емес, жарасып тұр”, “Әдемі болып кетіпсіз, қалай арықтадыңыз?” – дейді олар.

Ендігілер Қайрат Нұртастың анасына өзінің жасына лайықты киім киюге кеңес берді.

var SVG_ICONS = ' ';