ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Актермен сүйісу үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймын - Кәмшат Жолдыбаева

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Кәмшат Жолдыбаева фильмдерде қатарынан бірнеше актёрмен сүйіскені үшін қатал сынға ұшыраған еді. Әнші әрі актриса не себепті мұндай қадамға барғанын айтты.

Жолдыбаева Эльвира Ерғалинаға сұхбат беріп, журналистің «Сіз телехикаяларда актёрмен сүйісесіз. Қандай сезім болады?» деген сауалына:

«Сүйіскенде қандай сезім болады? Кинодағы сүйіскен өмірде сүйіскеннен басқаша болады. Кинодағы сүйіскен ол жұмыс, өмірдегі ол махаббат», – деп жауап берді. Одан кейін Жолдыбаева түсірілімде кеткен қателіктерге байланысты бір эпизодты бірнеше рет түсірген сәттер туралы әңгімеледі.

«Бірнеше рет түсірген кезіміз болды. Ол жарыққа, оператордың жұмыстарына байланысты бірнеше рет режиссёр сұрады. Максималды түрде үш рет сүйістім», – деді ол.

Жолдыбаева өз сөзінде шынайы өмірде сүйікті адамының жоқ екенін, сол үшін де актёрмен сүйіспес бұрын ешкімнен рұқсат сұрамайтынын мәлімдеді.

«Менің кездесіп жүрген адамым жоқ. Сондықтан да талқылайтын, рұқсат сұрайтын адам жоқ. Оның барлығын мен өзім шешемін. Мен өзімнің жұмысыма үлкен құрметпен, үлкен жауапкершілікпен қараймын. Режиссёрдің қойған талаптарын орындаймын. Менің кинодағы сүйісулерім орынсыз емес. Менің кейіпкерлерімнің махаббатын, сезімін жеткізетін кезде ғана орындалатын сүйісу. Жалпы сүйіскен жақсы ғой. Бұл махаббат, бұл сезім, сондықтан да бір-бірлеріңізді жақсы көріңіздер, сүйіңіздер, сүйісіңіздер, достар» – деп түйіндеді сөзін актриса.

var SVG_ICONS = ' ';