ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Димаш Құдайбергенов бүгінгі қыздарға көңілі толмайтынын айтты

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергенов өзіне қандай қыздар ұнайтынын айтып берді. «Ару келбетті, сұлу болса нұр үстіне нұр» дейтін әнші тән сұлулығынан қарағанда жан сұлулығын асыра бағалайтынын айтты, деп жазады stan.kz.

«Ең бастысы – мінезі жақсы болып, менің ата-анамды сыйлауы тиіс, үлкен-кіші демей, келген адамның бәріне инаббаттылығын көрсетіп тұрса, одан асқан келіншек болмайды деп ойлаймын», – деді әнші Астана телеарнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы, бой десе бойы, ой десе ойы бар әнші жігіттің бүгінгі қыздарға көңілі толмайтын болып шықты. 22 жастағы Димаш арманындағы аруын әлі жолықтырмапты.

«Қазақтың келіндерін, жеңгелерін, сұлуларын перизатқа теңеген. Қазіргі заманда, өкінішке орай, сөзім ауыр болмасын, перизатқа теңей алмайтын қарындастарымызды көріп жүрміз. Ол жүректі ауыртады. Шетелге еліктеп біздің қыздар ерсі қылықтар жасайды», – деп жалғады сөзін Құдайбергенов.

Заманауи жастар үйленуге асықпайды. Солардың бірі – Димаш Құдайбергенов. Өз сөзінде ол үйленудің «ауылы» алыс екенін айтып, болашаққа басқа жоспар құрғанын айтты.

«Шығармашылық жоспарымды» жүзеге асырмайынша, халықаралық, әлемдік деңгейде көтеріліп, аяққа нық тұрмағанымша үйленгім келмейді. 30 жасқа келгенде үйленемін деп ойлаймын», – деп дөп басты әнші.

var SVG_ICONS = ' ';