ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Албан тегімнен бас тартамын": Нұрлан Албан тегі үшін көп нәрседен шеттетілгенін айтты

14.06.2023 18:07
Опубликовано в Қаз




Танымал әнші Нұрлан Албан тегінен бас тартатынын айтты.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El kz бағдарламасына сілтеме жжасап хабарлайды.

Әнші алғашқы нәпақасын Алматы қаласындағы көк базардан бастау алып, үйлі болған. Уақыт өте түрлі сауданың әр түрін жасағанын жасырмады. Ол қазіргі таңда ұстаз екенін айтты.

Ал, ендігі кезекте әнші Албан тегінен бас тартуды да ойлау үстінде екенін айтты:

- Бұл менің ақымақтығымнан болды. 1996 жылы радиода жұмыс жасадым. Орыстар Москваның тыңдаңдар, лақап ат қойыңдар өздеріңе деген кезде, анамнан рұқсат алып, осы лақап атты қойдым. Аға-әпкелерім маған ренжіді. Әкеңнің атын жоққа шығарып жатырсың ба деді. Бірақ, мен бұл атқа ешқандай жаман атақ келтірмедім. Дегенмен, бұл тегімді алып жүру маған өте қиынға соқты. Ол өте үлкен жауапкершілік екен.

Осы Албан тегім үшін көп нәрседен шеттетелдім, көп сөз естіген кездерім болды, деді әнші.

Сонымен қатар, әнші қазіргі таңда сахнадан емес, саясаттан неге көрінетінін де айтты.

- Сахнадан шеттеуімнің себебі, саясатты жақсы көремін. Мен шырылдап, мен сөйлемесем, білгенімді айтпасам ұят емес пе? Мен 50-ді алқымдаған адаммын. Қаңтар оқиғасынан кейін, қоқан-лоққы көрсеткендер көбейді. Мемелекеттік қызметте жүрген аға-інілерім қыспаққа алды. Астанадан түнгі 11-де екі депутат ұшып келіп, қонақүйге келіп, мені ортаға алып, көкбөрідей талайын деп ойлаған. Бірақ, мен бала Нұрлан емес екенімді көрсеттім. Менің де өсіп қалған азуым бар, деді.


var SVG_ICONS = ' ';