ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

«Клиентпен бір түнге қалғысы келмеген»: Түркістанда жезөкшеліктен бас тартқан 17 жастағы қызды 6 қабаттан құлатып жіберді

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Түркістанда клиентпен жыныстық қатынасқа түскісі келмеген 17 жастағы қызды мейманхананың алтыншы қабатынан құлатып жіберді.

Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Сaravan.kz тілшісі.

Қоғам белсендісі бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Клиент қонақүйде нөмір алып, оған кәмелет жасына толмаған қыз барады. Алайда жас қыз онымен жыныстық қатынасқа түсуден қорқып, одан бас тарта бастайды. Ол тіпті етеккірі келіп жатқанын айтады. Клиент осылайша қызметтен бас тартып, қайтадан ақшасын қайтарып беруін сұрайды. Сөйтіп ол өзін осы жұмысқа жіберген азаматтарға хабарласады. Алайда олар клиентке ақшасын қайтарып беруден бас тартады. Сөйтіп ол сол нмірге келіп, қызды ұрып-соғып, алтыншы қабаттың балконынан лақтырып жібереді», — дейді ол.

Түркістан облысы полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар оқиғаның 23 ақпанда орын алғанын және алтыншы қабаттан қыздың өзі секіріп түскені туралы хабарлама келіп түскенін мәлім еткен.

Белгілі болғандай бойжеткен Алматы қаласының тұрғыны болып шыққан әрі ол қазір ауруханада ем алып жатыр.

«Бұл факт ҚР ҚК-нің «Суицидке жеткізу» бабы бойынша тіркелген. Тергеу барысында оқиға куәгерлері мен куәгерлерінен, сондай-ақ қонақ үй қызметкерлерінен жауап алынды. Сонымені бірге барлық бақылау камералары тексеріліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді», — деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тағайындалған сараптамалардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады, дейді тәртіп сақшылары.

var SVG_ICONS = ' ';