ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Ер адам пойызда 7 млн теңгесін ұмытып кеткен

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері қомақты қаржы салынған сөмкені тауып, иесіне қайтарды.

3 ақпанда Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны Денис Чернецкий Есіл стансасындағы желілік полиция бөліміне хабарласып, 4 млн теңге мен 6 мың доллар (2,7 млн теңгеден астам, — ред.) салынған сөмкесін жоғалтып алғанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Rail-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Алматы-Орал бағытындағы жолаушылар пойызымен достарымен кездесу үшін Есіл стансасынан түсіп, сөмкесі жоқ екенін үйге барғанда бір-ақ байқаған. Сөмкеде қомақты ақша мен құжаттар болған. Ол бірден Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне хабарласыпты.

Сөмкенің иесі Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

"Қызметкерлер менің дабылыма тез жауап берді. Пойыз басшысына хабарласты. Сөмкемнің қайда екені анықталды. Алты сағаттан кейін құжаттар мен ақшам қайтарылды. Көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын", – деді Денис Чернецкий.

var SVG_ICONS = ' ';