ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады

09.06.2023 18:19
Опубликовано в Қаз




Қазақстанда әйелдер вагоны тағы үш бағдар бойынша қатынайтын болады.


Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастырады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

"Мұндай вагондар №3/4 "Астана — Алматы", №33/34 "Алматы — Ақтөбе" және №71/72 "Астана — Шымкент" бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі", — делінген хабарламада.

Пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып No77/78 "Алматы — Маңғыстау" және No351/352 "Алматы — Өскемен" пойыздарының жолаушылары бағалады. 2022 жылдың ақпан айынан бастап компания әйелдер вагондарының санын арттырды. Олар No37/38 "Маңғыстау — Семей", No47/48 "Астана — Атырау" және No45/46 "Павлодар — Түркістан" пойыздарының құрамында жүре бастады.


var SVG_ICONS = ' ';