ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Қазақтар Жаңаөзендегідей бір-бірін өлтірсін": Желіде Алматыны жойып жіберу керек деген әйелдің видеосы тарады (ВИДЕО)

15.08.2023 18:07
Опубликовано в Армия

Астаналық әйел бейәдеп сөздермен Алматыны жойып жіберу керектігін айтқан.

Видеодан оның бұл сөздерді әлеуметтік желіде тікелей эфирде отырған оқырмандарына айтқанын байқауға болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазақтарды құтқармау керек еді. Олар Жаңаөзендегідей бір-бірін өлтіру керек еді. Өлтіріңдер. Мородерлық басталғанын қатты қалаймын. Сол кезде не істейтіндеріңді, кімнен көмек сұрайтындарыңды көрермін. Алматыны жойып, жарып жіберу керек. Сендер бәрі осылай болғанына құдайға рақмет айтыңдар. Ал енді комментарийді оқып отырып, сендерді не үшін құтқарғанын түсінбеймін. Алматыны жер бетінен жойып жіберу керек еді. Өздерің соны қаладыңдар ғой", — делінген видеода.

Астана полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы "Әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздыру" бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Қылмыстық іс аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады" - делінген хабарламада.

var SVG_ICONS = ' ';