ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

СҚО-да қазақша білім алатын оқушылардан орыс мектептерінде оқитындар 4 есе көп

19.05.2023 18:02
Опубликовано в Қаз

Солтүстік Қазақстан облысына «Шағын жинақталған мектептер: білім сапасы, педагог кадрлардың тапшылығын шешу және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру жобалары туралы» мәселесі бойынша көшпелі отырыс өтті.

Шара барысында Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы аймақтағы қазақша оқитын оқушылардың орыс мектептерінде білім алатын оқушалардан 4 есе аз екені жайлы дерек келтерді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Нартай Аралбайұлының желідегі жеке парақшасына жазған дерегі бойынша көрсеткіз төмендегідей:

Құзырлы орындардан бізге берілген ресми деректер:
Солтүстік Қазақстан облысында 454 мектеп бар.
112 — қазақ мектебі
246 — орыс мектебі
96 — аралас мектеп

Солтүстік Қазақстан облысында 72360 оқушы бар.
Оның ішінде тек 18447 оқушы қазақ тілінде білім алады" деп жазды ол.

var SVG_ICONS = ' ';