ТОП новости

Теги

перевозки зерна незаконное оружие местный житель участковый инспектор определение диагнозов поисково-спасательная операция статистика МСХ урожай зерновых человек труда служебная дисциплина IT-услуги антициклон отказ от алкоголя правонарушения за рулем вычеты Красноярск бизнес-сообщество Казфосфат акционер однопалатный Парламент Жанабыловы МАФ Кредиторы погашение кредитов погашение нелегальные перевозки финансовые правонарушения криптообменники базовая ставка. Нацбанк Activ абоненты австралийские политики открытый доступ восстановление на работе пытки в колонии Генеральный прокурор казахстанские тюрьмы прогнозы Минэнерго подготовительные работы заболевания новорожденных ТВНПС Всемирный день тромбоза работа МВД критика депутата дроны для Минсельхоза Киррил Павлов Илийский район касымбек масштабные проверки родила

"Бәрін жылатты": Әнші Медеу Арынбаев марқұм әйелі туралы естеліктермен бөлісті

19.10.2023 18:15
Опубликовано в В мире

Танымал әнші Медеу Арынбаев ұзақ үзілістен кейін сахнаға оралып, өнерін сағынған тыңдарманына Алматыда жеке кешін берді. Концертті ұйымдастырушылар өнер иесіне тосынсый жасап, жеке мұрағатындағы видеоларды үлкен экраннан көрсетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнежазбадан Медеу Арынбаевтың марқұм әйелі Айгүлді көруге болады. Концерт барысындағы әсерлі сәтті Бауыржан Карипов өзінің Facebook парақшасында жариялады.

“Медеу аға бәрін жылатты. Концертте ұйымдастырушылар Медеудің марқұм әйеліне арнап жасаған жеке мұрағатынан видео көрсетті. Медеудің бұдан хабары жоқ, әрине. Не деген махаббат десеңші! 25 жыл бұрын тойында болған достары, әріптестері – әншілер бүгін шығармашылық кешінде отыр. Махаббат жайлы әндері — бәрін әйеліне арнапты. Қос құлынын сахнаға шығарып “Біз осындаймыз, біз бақыттымыз. Анасы төбемізден қарап тұр” деді”, – делінген жазбада.

Айта кетейік, әнші әйелі Айгүлдің қазасынан кейін екінші рет үйленген жоқ. Бүгінде Дәулет, Даяна есімді бір ұл, бір қызды тәрбиелеп отыр.

Бұған дейін Медеу Арынбаев екінші рет үйленбеуінің себебін түсіндірген болатын.

var SVG_ICONS = ' ';