ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Доллар бағамы қайта көтеріле бастады

08.08.2024 12:32
Опубликовано в Спорт

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,23 теңгеге көтеріліп, 477,14 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,55 теңгеге (+0,47) дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 475,7-477,7 теңгеге, еуро 520,5-524,5 теңгеге, ресей рублі 5,39-5,49 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 8 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,29%-ға арзандап, барреліне 78,10 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,19%-ға төмендеп, барреліне 75,09 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 475,62 теңге , еуроны 519,23 теңге, рубльді 5,52 теңге деп белгілеген болатын.

Сурет: Zakon.kz

var SVG_ICONS = ' ';