ТОП новости

Теги

перевозки зерна незаконное оружие местный житель участковый инспектор определение диагнозов поисково-спасательная операция статистика МСХ урожай зерновых человек труда служебная дисциплина IT-услуги антициклон отказ от алкоголя правонарушения за рулем вычеты Красноярск бизнес-сообщество Казфосфат акционер однопалатный Парламент Жанабыловы МАФ Кредиторы погашение кредитов погашение нелегальные перевозки финансовые правонарушения криптообменники базовая ставка. Нацбанк Activ абоненты австралийские политики открытый доступ восстановление на работе пытки в колонии Генеральный прокурор казахстанские тюрьмы прогнозы Минэнерго подготовительные работы заболевания новорожденных ТВНПС Всемирный день тромбоза работа МВД критика депутата дроны для Минсельхоза Киррил Павлов Илийский район касымбек масштабные проверки родила

Тоқаев Қазақстанның Ирандағы елшісін қызметінен алып тастады

11.01.2024 17:06
Опубликовано в Криминал

Асхат Оразбай қызметінен кетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.

Асхат Оразбай 1960 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. Білімі жоғары. В.Ленин атындағы Ташкент Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Оның еңбек өтілі келесідей:

1985-1990 ж.: Қырғыз КСР Мемлекеттік теледидары комитетінде редактор.

1990-1992 ж.: Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы.

1992 жылдан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүйесінде.

1992-1994 ж. ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка елдері басқармасының Екінші хатшысы, Бірінші хатшысы.

1994-1999 ж. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы, Кеңесшісі.

1999-2001 ж. ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

2001-2002 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан жөніндегі Арнайы Миссиясының сарапшысы.

2002-2003 ж. ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері департаментінің директоры.

2004 ж. ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.

2004-2006 ж. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы.

2006-2008 ж. ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі — Қазақстан

Республикасының Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі.

2008-2012 ж. Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012 қаңтар — 2019 ж. Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

2015-2019 ж. Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

var SVG_ICONS = ' ';