ТОП новости

Теги

Темирлан Анарбеков Кипр ФК Пафос перевозки зерна незаконное оружие местный житель участковый инспектор определение диагнозов поисково-спасательная операция статистика МСХ урожай зерновых человек труда служебная дисциплина IT-услуги антициклон отказ от алкоголя правонарушения за рулем вычеты Красноярск бизнес-сообщество Казфосфат акционер однопалатный Парламент Жанабыловы МАФ Кредиторы погашение кредитов погашение нелегальные перевозки финансовые правонарушения криптообменники базовая ставка. Нацбанк Activ абоненты австралийские политики открытый доступ восстановление на работе пытки в колонии Генеральный прокурор казахстанские тюрьмы прогнозы Минэнерго подготовительные работы заболевания новорожденных ТВНПС Всемирный день тромбоза работа МВД критика депутата дроны для Минсельхоза Киррил Павлов Илийский район

Қазақстан мен Вьетнам өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойды

21.08.2023 18:16
Опубликовано в Актуально


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында 12 құжатқа қол қойылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
4. «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
6. «Қазпошта» АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
7.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
8. «ҚазМұнайГаз» ҰK» АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
9. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
11 Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
12. «Хабар» Агенттігі» АҚ мен Vietnam Televesion арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Айта кетейік, президент ресми сапармен Вьетнамда жүр.

Бүгін мемлекет басшысы Вьетнам президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

var SVG_ICONS = ' ';