ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Павлодарда "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары сотталды

12.07.2023 18:15
Опубликовано в Қаз




5 шілдеде Павлодар сотының үкімі бойынша, "Қазпошта" АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол филиалдың автошаруашылығы аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілінен 2 миллион теңге сомасында пара алды.

Сотталған адамға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", — делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


var SVG_ICONS = ' ';