ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Айына 10 млн теңге жұмсаймын - 800 мың теңге айлық алатын депутат Руслан Берденов шығынды қалай жауып жүр

27.06.2023 18:12
Опубликовано в Қаз




Парламент Мәжілісінің депутаты Руслан Берденов депутаттарға берілетін үйлердің сапасы сын көтермейтнін айтты.


Депутат бұл туралы Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бала-шағама, отбасыма, самолёттерге кететін айлық шығыным 10 млн теңге. Депутаттарға тегін үй беріледі. Бірақ мен ол үйде тұрмаймын. Себебі, ол үйде тұру мүмкін емес. Өте ескі, жиһаздары 20-25 жыл бұрынғы. Мен өмір бойы жағдайымды жақсартуға, комфортқа жүрген адаммын. Жұмыс орнымыздың да жиһаздары ескі. Сол үшін мен жұмысымыз да оңай емес хотя бы тұратын жерім дұрыс болсын дедім. Қазір жалға берілетін пәтерде айына 1 млн теңге төлеп тұрып жатырмын. Бізге көлік те берілмейді. 10-15 көлік таксопарк сияқты тұрады, егер бос көлік болса жұмыс бабымен қолдана аласын. Көбінесе ол да бос болмайды. Айлығымыз 830 мың теңге. Біздің партиияның мүшелерінің көбі айлықтан да бас тартты. Ол айлық қайырымдылыққа жіберіледі", — деді ол.


var SVG_ICONS = ' ';