ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Бүкіл жүйедегі былықтарды ашық айт, көрсет!": Айгүл Орынбек көз жасына ерік берген экология министріне қолдау көрсетті

12.06.2023 18:11
Опубликовано в Қаз




Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сулейменованы Семейдегі өртке байланысты сынап жатқандарға пікір білдірді.


Бұл туралы ол өзінің Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жаным ау, халықтың алдында көзін көтеріп қарай алмай, жылап тұр.

Отыз жыл басқарған жемқорлардың жүгін жалғыз өзің көтеріп тұрғандайсың.

Сағың сынбасын, сен жалғыз емессің.

Бұл сыбайласқан жүйені тазалау мүмкін емес екенін білем. Бірақ берілме, қайтпа, көтер басыңды! Артыңда қолдаушы қалың ел бар және әпкең мен бармын.

Сен жылама, мойныңа осындай ауыр шоқпарды іліп қойған жемқорларды жылат!

Бүкіл жүйедегі былықтарды ашық айт, көрсет!

Нәзіктік танытпа, біздің ақшаға құныққане жемқорлар сенің әйел заты, нәзік жанды екеніңе қарамайды! Өзіңнің әлсіздігіңді көрсетпе!

Кеше келген бұл қызда нелерің бар?

Шамаларың тек осы қызға жетіп тұр ма?", — деп жазды ол.


var SVG_ICONS = ' ';