ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Қыстың 40 градус суығында одеяласыз ұйықтап көріңіз": 3 жыл түрмеде отырған әйел темір тордың өз заңы туралы айтты

09.06.2023 18:18
Опубликовано в Қаз




3 жыл түрмеде өз жазасын өтеген Бибінұр Шералиева ол жақтағы өмір туралы өз шындығымен бөлісті.


Бұл туралы ол "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Түрмеде әркімнің өз ортасы, тобы болады. 25 жылға сотталған қылмыскерлер, наркомандар, ұрлықшылар бар. Ұрлықшылар өздері бірігеді, наркомандар бірігеді. Ол жақта монша жағатын котельная бар. Ол жерде біздің арамыздағы ең мықталары жұмыс істейді. Тіпті жұмысқа тұру мүмкін емес. Түрменің өз әлемі, рейтингң, заңы, өмірі бар. 5-6 адамнан бірігіп бір отбасы сияқты өмір сүреді. Бірде біздің арамыздағы бір қыздың жамылып жүрген одеяласын ұрлап кетті. Мұндай нәрсені әдейі жасайды. Егер ол қыздың қасында жүрген адамдар, яғни біз оны қорғамасақ бәріміздікін тартып алады. Қыстың 40 градус суығында одеяласыз ұйықтап көріңіз. Содан соң 3 рет адам өлтіргені үшін отырған одеяланы ұрлаған адамдармен сөйлесуге бардым. Сол кезде мен рухымның күшті екенін көрсеттім. Бізге жаңа одеяла беріп, мені бірден сыйлап кетті. Адам өз-өзін қорғай алу керек екенін мен сол кезде түсіндім", — дейді ол.


var SVG_ICONS = ' ';