ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Өзбекстан қазақ қызы болғаным үшін ақша берген жоқ, чемпион болсам да алып шыққан жоқ - Абиба Абужақынова

06.06.2023 18:20
Опубликовано в Қаз




Өзбек жерінде дүниеге келген дзюдоист Абиба Абужақынова не себепті атамекенге қоныс аударғанын айтты.


Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен ол жақта 13,14,16 жастағы жастар арасындағы чемпионаттарды ұттым. Бірақ мені шығарған жоқ олар, себебі қазақ болдым. Ақшалай жарыстарға алып шыққан жоқ. Өзің төлеу керексің деп айтты. Мен отбасында жалғыз қыз емеспін, екі әпкем, бір інім бар. Әпкем англискийге қатысады, екінші әпкем мёд колледжде оқитын еді. Оның да химия сияқты қосымша сабақтары болды. Мен спорт саласын таңдадым, маған қатты көңіл бөлген жоқ. Жарыстарға сол үшін барған жоқпын. Өзбекстан Республикасы, Өзбекстан чемпионаты қазақ қызы болғаным үшін ақша берген жоқ, чемпион болсам да алып шыққан жоқ. Содан соң мамамның шешімі бойынша сен үшін Қазақстанға қоныс аударамыз деп шешті"- деді ол.


var SVG_ICONS = ' ';