ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды

01.06.2023 18:07
Опубликовано в Қаз

Жылдың басынан бері 15 млннан астам қоңырау бұғатталған.

Өткен жылы полиция қызметкерлері алаяқтық қоңырауға байланысты 3600 қылмысты анықтады деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан жасалған телефон алаяқтықтары жиілеп кетті. Қылмыскерлер көбіне нөмірді ауыстыру қызметін пайдаланады. Осыған байланысты ІІМ оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, “Ксеll”, “КаР-Тел”, “Altel” және “Теle2” ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктіруді ұйымдастырды. Қабылданған техникалық шаралар қазақстандық абоненттік нөмірлерге халықаралық трафик арқылы өтетін фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өткен жылдың 6 айында 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал ағымдағы жылдың басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млннан асады", — делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

var SVG_ICONS = ' ';