ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Шымкентте "Ақтөбе" мен "Ордабасы" жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды

10.04.2023 19:18
Опубликовано в Қаз




"Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол клубтарының жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды.


Нәтижесінде полицейлер 20 адамды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

"102" пультіне Уәлиханов көшесіндегі "Прага" дәмханасы маңында ер адамдар төбелесіп жатыр деген хабар келіп түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жеткен.

Төбелес "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында болғаны анықталды.

Әзірге полицияға 20 адам жеткізілді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


var SVG_ICONS = ' ';