ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Жазасын тартса екен": Бала күтушісіне таңертең тапсырған баласын кешке өлі күйінде алды

06.04.2023 18:05
Опубликовано в Қаз




Бала күтушісіне 2 жастағы баласын қалдырған ана кешке сәбиін өлі күйінде алған. Қаралы ана енді әділдік іздеп шырылдайды. Марқұм болған перзенттің анасы бала күтушісін ешқандай жауапкершілікке тартпай, босатып жібергеніне ашулы.


Жәбірленушінің үндеуі желіде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Заң қайда? Неге әділдік орнатпайды? Дәлел аз деп босатып жіберіп отыр. Не дәлел керек адам өліміне? Заң жүзінде ол жазасын тартса екен деп тілеймін", — деген ол.

EGOV.PRESS жазбасында "25 наурыз күні Алматы облысы, Жаңалық ауылында екі баланы бала бала күтушісіне қалдырып, сол күні-ақ екі жасар баланы өлі күйінде алады. Бала күтушісі баланы үш жасар әпкесі тұншықтырып қойғанын айтып отыр. Сараптамадан кейін іс ҚР ҚК 99-бабы бойынша тіркелген еді. Қазір ата-анасына бала күтушісін босатып жібергені белгілі болып отыр", — делінген.


var SVG_ICONS = ' ';