ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Тұрсынбаеваның тағылымын алыпсың...Енді бахавиз болдың" Хиджаптағы Наркенже Серікбаева елді шошытты

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Орамал таққанын мәлімдеген дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева көпшіліктің сынына қалды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Наркенже Серікбаеваның инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Наркенже Серікбаева желіде орамалмен түскен видеосын жариялап, жазба қалдырған.

"Ақ жаулықты анамыз ақ жүрегімен, ақ тілегімен сыйлығын берді. Осындай аналардың жолын жалғайын деп басыма орамал тақтым. Саналы түрде, жүрек қалауыммен осы шешімге келдім. 5 уақытымды түгендеп, анама жақсылық жасап, туыстарыма қарасып, елге әнімді, тағылымды термемді арнап жүрсем болғаны. Басқа арманым жоқ", — делінген жазбада.

Кейіннен дәстүрлі әнші "Тұрсынбаеваның тағылымын алыпсың... Енді бахавиз болдың" деп жазған оқырманының сын-пікірін парақшасында бөлісті.

Сондай-ақ, өзге де оқырмандары "Хиджап емес, орамал таққаның дұрыс еді" "Жап-жас қыздардың бастарын шақшадай қылып таққандары келіспейді. Онымен не дәлелдегілері келетінін өздері де түсінбейтін сияқты" "Шіркін қазағымның қаймақтары қайда бара жатырсыздар?" деп жазуда.

var SVG_ICONS = ' ';