ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қытайды қайран қалдырған "Самалтау" әнінің сөзі

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

"Самалтау" 1916 жылдар шамасындағы қазақтың қиын тағдырын көрсететін халық әні.

Самал тау, қайран елім, шалқар көлім,

Не болар солдат болып көрген күнім,

Есіме қайта-қайта түсе бердің,

Кір-жуып, кіндік кескен қайран жерім.

Атты емеспіз, жаяумыз,

Жаяудан да баяумыз,

Он бес күндей жүргенде,

Омбы жаққа таяумыз.

Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр

Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр

Самал тау, қайран жерім артта қалды

Адасқан өрісінен біз бір үйір

Атты емеспіз, жаяумыз,

Жаяудан да баяумыз,

Он бес күндей (сөтке) жүргенде,

Омбы жаққа таяумыз.

Әке-шешем бар еді,

Жасы жеткен кәрі еді,

Осынау әнге салдырған,

Он алтының зары еді...

var SVG_ICONS = ' ';