ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Қазақ хандығы" телехикаясы қатты сынға ұшырап жатыр

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

"Қазақ хандығы" телехикаясы демалыс күндері 31 телеарнадан көрсетілген еді. Көрермендер бұл туындының кемшіліктерін бірден-ақ байқаған сияқты. Өйткені телехикая көрсетіліп бола салысымен қатты сынға ұшырады.

Әсіресе, Фейсбуктің белсенді қолданушылары осы тақырыпта салмақты жазбалар қалдыруда, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Мысалы, әдебиетші-ғалым Дүкен Мәсімханұлы былай депті: "Қазақ хандығы" сериалында, Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құрғанын естіген Әбілқайыр хан (Шайбан шах) ашуға булығып: "қазақтармен барыс-келісімді үземін" деген мазмұнда ұшбу жарлығын жаздырады. Осы кезде экраннан хан жарлығын қағазға түсіріп отырған хатшының жазбасы көрінеді... Күлесің бе, жылайсың ба?! Масқара!!! Әлгі хатшы XV ғасырдағы хан жарлығын ХХ ғасыр басында пайда болған А.Байтұрсынұлы әліпбесімен (төте жазу) сүйке-е-еп отыр".

Дүкен Мәсімханұлы. Фото Фейсбуктен
Дүкен Мәсімханұлы. Фото Фейсбуктен

Ал ақын Ақберен Елгезек телехикаяда Әбілқайыр ханды Шайбаншах дегеніне наразылық білдірген. "Неге сериалда Әбілқайыр xанды Шайбаншаx дей береді?! Шайбаншаx деп Шайбанидтер әулетінің негізін қалаған оның немересін атаса дұрыс. Ал, Көшпелі өзбек xандығының билеушісі — Әбілқайыр xан бізге жау емес, ол біздің ортақ бабамыз. Әбілқайыр xан дегенге құлағымыз да, санамыз да үйренген. Иә, ол Қазақ xандығының құрылуында жағымсыз болса да өз рөлін ойнаған тұлға. Бірақ, ол бізге бөтен емес. Әйтпесе, Әбілқайыр бабамыз да, оның жары Рәбия анамыз да Түркістанда жатпас еді ғой..." дейді А.Елгезек.

Ақберен Елгезек. Фото Фейсбуктен
Ақберен Елгезек. Фото Фейсбуктен

Әнші Ерлан Рысқали бұл тұрғыда тіпті ерекше пікір қалдырған. "Қазақ хандығын" өзі басынан бастап көрмеген ол тек бір такси жүргізушісінен естіген пікірді келтіруді жөн санапты. ""Мына "хандық" туралы фильм — Қоршаған ортаның ластығынан, тоз-тозы шыққан табиғаттың салдарынан, адамды былай қойғанда, ит-құстың тұқымының түрін түстеп айырып болмайтын құбыжық секілді екен!" деді бір такси жүргізушісі. Мен, фильмді көрмегендіктен еш үндемедім... П-сы: шынымен солай ма, не?! Бірақ тап осы жаңа орта тұсынан көрдім. Меніңше "Көшпенділерден" көш ілгері секілді. Сіз не дейсіз?" деп жазады әнші.

Ерлан Рысқали. Фото Фейсбуктен
Ерлан Рысқали. Фото Фейсбуктен

Айта кетейік, "Қазақ хандығы" телехикаясы 10 бөлімнен тұрады. Режиссёрі - Рүстем Әбдіраш. Сценариін жазғандар - Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Әбдіраш.

var SVG_ICONS = ' ';