ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қайрат Нұртас Астанадан мектеп ашқалы жатыр

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Қайрат Нұртас Vlast.kz басылымына берген сұхбатында қытай тілін қайдан үйренгендігін, не себепті саясаткер болудан бас тартқанын, анасының өз өмірінде қандай рөл ойнайтынын, Омск журналистерімен араздасуының себебін, әкесі көмектескен 500 адамның кім екенін айтып берді. Мұнымен қатар, алдағы жоспарларын бөлісіп, Астанадан талантты балаларға арналған мектеп ашқысы келетінін жеткізді.

“Ауылды аймақтарға жиі барамын. Ол жақтан бізден де мықты талантты әншілерді кездестіремін. Өкінішке орай, олар біз секілді қолдаушылары болмаған соң жерде қалып қойған. Міне, дәл осындай талантты жандарды бір мәдени ошақтың астына жинағым келеді. Осы күнге дейін еш жерде айтпаған едім.

Сіздергі алғаш рет сырымды ашып отырмын. Жуырда Астанада Қайрат Нұртас мектебі ашылмақ. Ол жерде балаларға арналған үйірмелер, ән жазу студиялары мен әндер туралы ақпараттар болады. Тіпті бейнебаян түсіруге арналған арнайы бөлме болады. Болашағынан үміт күттіретін жастарды шақырғым келеді. Бұл шамамен Тиматидің “Black star” жобасы секілді болмақ”, – дейді Қайрат Нұртас.

Күні кеше Қайрат Нұртас Қазақстанда тек қазақ тілінде сөйлегісі келетіндігін айтқан болатын. Мұнымен қатар, ол өзге тілде сөйлей тұра Қазақстанның нанын жеп жүрген жандардан ұялуды сұрады.

“Өзінің туған тілін білмейтін қазақ бауырларыма айтарым бар. Мұны маған дейін де құрметті “ағаларымыз” айтқан болатын. Туған тілдеріңізді білмей тұрып, Қазақстанда нандарыңызды тауып жүргендеріңіз ұят болар”, – дейді ол.

var SVG_ICONS = ' ';