ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Кентал мен Санда үш ай түсірген бейнебаяндарын таныстырды

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Кентал мен Санда үш айдан бері түсіріп жатқан “Өкініш” атты бейнебаяндарының тұсауын кесті. Аталған бейнебаянда ғашықтардың рөлін әншілердің өздері сомдайды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кентал өзінің жаңа бейнебаянына режиссёр белгі берген кезде бірден жылай алатын қыз іздеп жүргені туралы хабарлаған болатынбыз. Әнші көп уақыт өтпей-ақ іздегенін тауып, туындысына Дина есімді үш жасар қызды түсірген. Бейнебаян түсіріліп жатқан “Өкінішті” әнін Сандамен бірігіп орындайды. Басты рөлдерді де әншілердің өздері сомдайды.

Түсірілім жұмыстары таңғы жетіден кешкі жетіге дейін созылған уақыттар болған. Табиғи жаңбырдың астында түсіргендіктен, әншінің суықтап қалған. Тіпті ауруханаға баруға мәжбүр болған екен.

“Психологиялық әрі физикалық тұрғыдан оңай болмады. Таңғы сағат жетіден, кешкі жетіге дейін жүрдік. Бірақ біздің қолымыздан келді. Еңбегіміз еш кетпейді деген үміттемін. Ең бастысы, халық дұрыс қабылдап, жеткізбек болған ойымызды түсінеді деп үміттенемін. Отбасыларыңызға қамқор болыңыздар. Әр шаңыраққа тек бақыт тілеймін!” – дейді Кентал.

Бейнебаянды бірнеше сағат ішінде 10 мыңнан астам адам көріп оң бағасын берген. Ерке Есмахан да аталған әннің өзіне ерекше ұнағанын айтып жатыр.

var SVG_ICONS = ' ';