ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Тука Қостанайлықтарды тағы да алдап кетті

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Қостанай қаласының тұрғыны Арайлым Торғайқызы “Алдараспан” театрының концертке билет сатып, артынша аталған концерттің белгісіз себептерге байланысты болмай қалғанын айтты. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, театр тарапынан жұртқа ешкім түсініктеме бермеген.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Атышулы “Алдараспан” театрының Қостанайда бүгінге жоспарланған концерті болмай қалды. Театр тарапынан ешкім де ештеңе де түсіндірген жоқ. Әсіресе “Туканы” көреміз деп келген аға-апаларымыз қатты ренжіп отыр. Мен де осы концертке ауылдан ата-анамды шақырып, гүлімді құшақтап келіп едім.

Көңілім су сепкендей басылды да қалды. Жиналған көрерменнің айтуынша, “Алдараспан” театры Қостанай халқын осымен екінші рет концерттен құр қалдырып отыр екен. Өткен жылы да билеттер сатылып концерттің болмай қалғанын айтып апаларымыз налып отыр. Кейбіреулері “Мүмкін әртістер келіп қалар” деп билеттерін тапсырмай әлі де күтіп отыр”, – дейді ол.

Дәл қазір театр концертінің не себепті болмай қалғаны белгісіз. Тіпті, бұл мәселемен ешкім айналысып жатпаған көрінеді. Ал билетте жазылған 8 775 326 85 85 нөмірі сөндірулі. Мұнымен қатар, өзге қаланың тұрғындары да дәл осындай оқиғаның 2-3 жыл бұрын болғанын айтып жатыр.

var SVG_ICONS = ' ';