ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Халықтың сөзінің жаны бар". Тоқаев күн көріс қиындап бара жатқанын айтты

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күн көру қиындап, баға шарықтап өсіп бара жатқанын айтты.

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты , деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жұртшылық Үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтып жатыр. Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсіп жатыр, — деп айтты Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.

Президент қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткенін тілге тиек етті.

Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

var SVG_ICONS = ' ';