ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Орыстарды ғана отырғызатынмын": Жігер Ауыпбаев топтан кеткен соң таксист болғанын мойындады

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Әнші Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобынан бөлініп кеткен кейін қиындықтарды бастан өткергенін мойындады.

Бұл туралы ол "Көреміз" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Топтан кеткен әншінің өз-өзін қалыптастыруы өте қиын нәрсе. Менде ол кезде ақша да жоқ. Өйткені топткен кеткен соң соңғы ақшамды алып, анаммен бірге Умраға кетіп қалдым. Өйткені қоғамнан шаршап кеттім. Жан жағымнан өтірік нәрселердің барлығы миыма кері әсерін берді. Сол себепті шынайы жүрегімді қағбаның түбінен көрейінші дедім. Келгеннен соң ақша жоқ, еш нәрсе жоқ, бас киім киіп, көзілдірік пен бетперде тағып, таксист те болдым. Клубтың алдында тұрып, орыстар шықса ғана алатынмын. Қазақтарды алмаймын.Сөйтіп жүріп ақша жинадым. Мұны ешкім біле бермейді.

Сосын қиналып кеткенде ауылға кетіп қалдым. Екі айдай сонда болдым. Бір күні белгісіз нөмірден біреу хабарласты, Алсам, Айман деген қыз екен. "Алло, Жігер аға, Айман деген қарындасыңызбын, "Жига фан" деп Жаңаөзеннен ашылған болатынбыз.Сіздің біраз тыңдарманыңыз жиналды. Өнеріңізге кішігірім қолдауымыз, демеуіміз болсын" деп, шотыма 500 мың теңге аударып жіберді. Мен өнерді тастаймын деп ауылға кетіп қалған адаммын. Сол кезде тамағына өксік тығылды, көзден жас кетті. Түнімен киімімді жинап, Алматыға кеттім. Сөйтіп студияға келіп алғашқы әнім жазылды", — деді Жігер Ауыпбаев.

Еске салсақ, 2007 жылы құрылған "Меломен" тобынан он жыл өткенде Жігер Ауыпбаев бөлек кекен болатын.

var SVG_ICONS = ' ';