ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

«Үлкен қажылыққа жолдама»: Анасының 60 жасына 1500 түп роза сыйлап, тойын дүркіретін өткізген кәсіпкердің кім екені белгілі болды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Күні кеше желіде анасының мерейтойына 1500 дана роза сыйлап, көпті елжіреткен видео тараған еді.

Анасына зор сый-құрмет көрсетіп, 60 жасына раушан гүлімен бірге, қажылыққа жолдама сыйлаған кәсіпкердің кім екені анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Белгілі болғандай видеодағы адам қызылордалық кәсіпкер Әділет Байнашев болып шықты. Ол желідегі парақшасында тойдан үзінді салып, оған: "Аллаға шүкір, құранның түскеніне 1500 жыл, 15 ғасыр, анама 1500 роза", — деген жазба қалдырған.

Сонымен бірге ол анасына үлкен қажылыққа жолдама тарту еткен.

"Анамның 60 жас мерей тойына 1 жыл бойы дайындалдым. Аллаға шүкір, ойымнан да асып түсті. 2 жыл бұрын кіші қажылыққа барып келіп едіңіз, қабыл болсын, енді міне үлкен қажылыққа сапарыңыз сәтті болсын! Сіз жанымызда жүрсеңіз бізде бәрі жақсы. Аман жүріңіз. Аман болсақ 70 жас мерейтойыңызда бұданда жоғары деңгейде, керемет қылып өткізіп береміз. Сіз бізге дұға жасап жүре беріңіз, біз сізге қызмет жасап жүре берейік. Рахмет анашым", — деп айтқан кәсіпкер.

Cонымен бірге тойда Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Мәдина Сәдуақасова, Ернар Айдар және т.б. қазақ эстрадасының жұлдыздары болғанын көруге болады.

Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетіне сүйсініп, оған ұзақ ғұмыр тілеген.

«Қандай керемет көрініс, ұл болса сіздей-ақ болсын, аман жүріңіз», «Осындай ұлды тәрбиелеген анаңызға мың алғыс», «Сізден үлгі алса жақсы болар еді қазіргі жастар», «Тамаша, ұзақ жасаңыздар» деп жазды олар.

var SVG_ICONS = ' ';