ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Петропавлда 28 жастағы ер адамды атып өлтірді

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Петропавл қаласында түнгі клубта атыс болып, ер адам көз жұмды.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 26 ақпанда Петропавл қаласы полиция басқармасының "102" жедел арнасына облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

28 жастағы ер адамды жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызған. Алайда алған жарақатынан қайтыс болған.

"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қаласы полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалды" делінген хабарламада.

Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

var SVG_ICONS = ' ';