ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қару-жарақтың жаңа түрлері сатып алынады – Қорғаныс министрлігі

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Еліміздің Қорғаныс министрлігі жаңа техника сатып алды.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жоспарымыз бар. Әрине, отандық өндірушіге, қару-жарақтың жаңа түрлерін сатып алуға басымдық беріледі. Былтыр бізге жаңа ұшақтар жеткізілді. Сонымен қатар, әуе қорғанысы жүйелері және басқа да құралдар да сатып алынды», — деді Сұлтан Қамалетдинов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанның әскери бюджеті өсті.

«Қорғаныс министрлігінің әскери бюджеті қарастырылып, Қазақстанның ЖІӨ-дегі әскери бюджеті бір пайыз шамасында бекітілді», — деді министрдің орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Әскери полиция органдары туралы» Заң мақұлданды.

var SVG_ICONS = ' ';