ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

СІМ Блинкеннің Астанаға сапарына қатысты пікір білдірді

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Астана АҚШ-тың ресми жауабын күтіп отыр.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы америкалық тараптан растау күтетінін айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Біз ресми растауды күтіп отырмыз. Хабар болғанда жариялаймыз. Америка тарапынан ресми растауды күтеміз", — деді Тілеуберді үкімет отырысында журналистің сұрағына жауап беріп.

Бұған дейін БАҚ Астанада С5+1 форматындағы министрлердің жыл сайынғы кездесуі өтетінін, оған қатысу үшін Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келеді деп хабарлаған болатын.

var SVG_ICONS = ' ';