ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

«Көп мылжыңдамау керек еді»: Танымал журналист депутаттыққа үміткер Даулет Мұқаевты екіжүздіге теңеді

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы «Даулеттен» есімімен танылған блогер Дәулет Мұқаевты сынға алып, халықты оның сөзіне ермеуге шақырды.

Бұл туралы Сaravan.kz тілшісі хабарлайды.

Белгілі журналист өзінің сайлауға қатысты пікірін Instagram желісінде жариялады.

«Көрдіңіздер ме күні кеше ғана былай сөйлеп, билікке бармаймын деген!? Кім оның тілінен тартты?! Мен бе? Әлде милары уланған хотундар ма?! Өз сөзіне жауап бере алмайтын болса, көп мылжыңдамау керек еді! Еркектің көп сөйлегенін ұнатпаймын өз басым!

Бұл көреалмаушылық емес, дұрыс түсініңіздер! Мен тапсырыспен жұмыс жасамаймын! Маған керегі жоқ! Ертеңгі күні билікке барып жатсам, алдымнан шығады ол ісім. Басқасына заказ түссе де, дәл бұған түспейді.Билікке бұл қызық тұлға емес! Кейбір ақылсыз әйелдерге қызық болар?», — деп жазды ол.

Сонымен бірге ол Ринат Зайытовтың да билікке керек адам екенін ашып айтты.

«Вот, Ринат Зайытов билікке өте керек адам! Мақсат та билікке керек болғаннан соң, оны тартты. Мені де шақырды. Бірден бас тарттым. Дәл қазір билікке баруға желание жоқ. Емделіп, өзіме қарап жүрмін... Ал мынауың өзін-өзі ұсынды. Соған да миларың жетпей ме?!

Кейінгі карусельді жылжытып оқысаңыздар, тіпті күлкіден домалайсыздар. Сонда бұл бір кездері ойлаған болуы мүмкін мені өңкей сауатсыз, гуглды ақтара алмайтын қатындар оқиды деп. Қайдан білсін, білімді әйелдер мұның әр сөзін аңдып, сараптап отырғанын!

Саясатта тек: ұстамды, салқынқанды, білімді, білікті, екі сөйлемейтін, өз сөзіне жауап бере алатын ойлы азаматтар(шалар) керек! Міне, сонда біздің халық әкімдерден сөз естіп (төменгі видеодағыдай), ел кезіп кетпейді. Шетел аспайды!

Егер де билікке әртістер, клоундар, әншілер, популистер келсе, онда ол елдің есігін жауып тастай бер! Ондай мемлекет тек құрдымға кетеді. Мемлекетті — ғалымдар, ойшыл ғұламалар, білімді азаматтар билеуі тиіс. Міне, сонда біздер Оңтүстік Корей еліне тамсанып нәпақа үшін бала-шағаны тастамаймыз! Міне, сонда біздер біреудің қаңсығына тамсанып қарамаймыз.

Міне, сонда біздің елде ұрлықшы, қылмыстар өршімейді. Өтірікші, екі сөйлейтін адамдар билікте көп болса, мемлекетке өте қауіпті. Тағы да 30 жыл омалып отырамыз!

Осы менің айтпағым! Әйтпесе, мына жазып жатқандардың бірде біреуі маған қарыз емес. Араз да емеспіз. Тек олардың екі сөйлеп, адалмыз деп. Елді алдап алып, билікке халықты жығып бергендеріне қаным қарайып, шыдамай жазудамын! Тағы жығылмаңыздар! Әйтпесе, ертеңгі күні Мұқаев сияқтылардың: "мен халықты зорладым ба? Мен халықты аттым ба?" деген сөздерге семіресіңдер!», — деді журналист.

Айта кетейік, Дәулет Мұқаев ҚР Парламенті Мәжілісі депутататтығына Астанадағы Есіл ауданы атынан кандидат екенін жариялаған еді.

var SVG_ICONS = ' ';