ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Павлодар облысында оқушы бұрыш спрейін шашып, 310 адам мектептен эвакуацияланды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Павлодар облысында оқушы мектепте бұрыш спрейін шашып, 310 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Бүгін, 16 ақпан күні Ақсу қаласының полициясына Қалқаман кентінің мектебіндегі санитарлық бөлмеде белгісіз біреудің бұрыш спрейін шашқаны туралы шақыру түседі.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде спрейді осы мектептің 9-сынып оқушысы шашқаны анықталды.

Аталған факт бойынша жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

var SVG_ICONS = ' ';